Алматыдан Тайландқа ұшқалы тұрған ұшақта төбелес болды

331

4 шетелдіктің екеуі алкогольдік ішімдік ішкен.

Алматыдан Тайландқа ұшқалы тұрған ұшақта төбелес болды Фото: Видеодан скриншот

Алматыда әуе рейсінің бортында шетелдіктер төбелес шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жайт "Алматы-Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде орын алды.

"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шетелдік 4 азаматты түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан", – дейді ведомство.

Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу