Алматыда үшем дүниеге келді

451

Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығында үшемдер жарық дүниеге келді.  

Алматыда үшем дүниеге келді Фото: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Таяу күндері толғағы басталған келіншек перинаталдық орталыққа шұғыл түрде жеткізіліп, барлық қажетті аспаптық тексерулерден өткеннен кейін, кесарь тілігі жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Сәтті өткен кесарь операциясын хирургтер Азамат Ержанов пен Бақыт Әбішева жүргізді. Осылайша, салмағы 2360 және 2420 грамм болатын екі ұл, 2050 грамм қыз бала дүниеге келді.

Ұлдардың бірі туылғаннан кейін жағдайға байланысты бір апта бойы жансақтау бөлімінде неонатологтардың тәулік бойы бақылауында болып, барлық қажетті медициналық емдеу жүргізілді. Қалған екі нәрестенің жағдайы қалыпты болғандықтан, патология бөліміндегі анасының жанында болды.

Үшем тапқан ана медицина қызметкерлеріне алғысын жаудырып: "Жоғары кәсібиліктің, ерекше қамқорлық танытқандарыңыздың арқасында  үшеуін де аман-есен өмірге әкелдім. Барлық медицина қызметкеріне осындай  қиын да жауапты еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Дәрігерлердің арқасында балаларым міне, менімен бірге бүгін үйге  шыққалы отырмыз", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу