Алматыда үшінші велошеру өтеді

663

Алматыда үшінші велошеру өтеді

Мамырдың 13-і күні "Спорттық Алматы" бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған үшінші велошеру өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Велошеруге қатысушалар әдеттегідей сөреге "Нұрлы Тау" бизнес орталығында 08:30-да жиналады, ал спорттық шара 09:00-де басталады.  

Бұл жолы, қатысушылар 9 шақырым қашықтықты бағындырады. Олар Әл-Фараби даңғылынан Шығыс айналмалы жолға дейін түсіп, Төле би көшесіне дейін жүріп өтеді, одан соң, Достық даңғылынан солға бұрылып, Қабанбай батыр көшесіне жетеді. Велошеру Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының маңында аяқталады.

Сөреде әуесқойларға арнайы нөмірлер таратылады, осылайша олар лотореяға қатысуға мүмкіндік алады. 

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, ал бағы жанған қатысушы басты сыйлық, велосипедтің иесі атанады.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға өзінің қауіпсіздігі үшін арнайы бас киім (шлем) киіп келулерін сұрайды.

Айта кетер жайт, осы велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасы аясында 2018- жылы жоспарланған 21 велошерудің үшіншісі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу