Алматыда үшінші вокзал қашан салынады?

603

Алматының бас архитекторы жаңа вокзалдың салынуы тағы бір көлік торабы пайда болуына жол ашады дейді. 

Алматыда үшінші вокзал қашан салынады? Фото: freepik

Бүгін, 2 ақпанда Алматы қаласының егжей-тегжейлі жоспар жобасы таныстырылып, жаңа вокзал шамамен қашан салынатыны және құрылыс жұмыстарын кімнің жүргізетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қанша қаражат бөлінетіні әлі белгісіз.

Сондай-ақ, Алматы-3 вокзалының орны нақты белгіленген. Ол Алатау ауданы, Боралдай тас жолы мен Сайын көшелерінің маңынан салынбақ. Үшінші жаңа вокзалдың платформасын, бекетін Қазақстан темір жолы компаниясы, ал маңындағы қаланың ісіне жататын құрылысты әкімдік өз қаражатына салады.

"Платформаның өзі шамамен Рахат, Мәдениет шағынаудандарының маңына салынады. Жергілікті әкімдіктің, біздің мерзіміміз 2026, 2027 жылдар деп қарастырып отырмыз. Бірақ біздің жұмыс ҚТЖ салатын платформаға байланысты. ҚТЖ бекетті қалай салып болады, солай біз де дайын боламыз", – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

"Алматыгенплан" ғылыми зерттеу институтының басшысы Асхат Сәдуовтың айтуынша, қазір возкалдың техникалық- экономикалық негіздеуі дайындалып жатыр.

"Қазақстан темір жолымен осы вокзал құрылысына қатысты белсенді кездесулер болып жатыр. Келісімшарт жасалған. Бұл жоба жеткілікті белсенді базада. Қазір техникалық- экономикалық негіздеу жағы қаралып жатыр. Шамамен 2-3 жылдың көлемінде қамтылады", – деді Асхат Сәдуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу