Алматы дәрігерлері ауыр техника астында қалған үш әйелдің жағдайы туралы айтты. "Үш пациент те өте ауыр жағдайда түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Барлық лабораториялық-диагностикалық зерттеулер шұғыл түрде жүргізіліп, операция жасалды. Жарақаттары өте көп. Пациенттер қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосулы", – деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан.
Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін "Әйгерім" шағын ауданында болған. Манипулятор кранның тіреуі тайып кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу