Алматыда ұялы телефондар ұрлығы 34,3%-ға азайған

598

Мегаполисте қылмыс деңгейі төмендеді.

Алматыда ұялы телефондар ұрлығы 34,3%-ға азайған

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, 2019 жылы қалада қылмыс деңгейі орта есеппен 10,9%-ға төмендеген. Мәселен адам өлтіру фактісі 6,7%-ға, ұялы телефондар ұрлығы 34,3%-ға, көлік ұрлығы 19,2%-ға, өзге адамның мүлкін тонау 17,6%-ға, қарақшылық шабуылдар 43,0%-ға, бұзақылық 25,2%-ға қысқарған. Бұдан бөлек есірткіге қатысты қылмыс деңгейі 17,5%-ға азайды. 

Сонымен қатар құқық бұзушылықтарды ашу деңгейі 1,9%-ға, ауыр және өте ауыр қылмыстарды әшкерелеу орта есеппен 11,6%-ға жоғарылаған. Оның ішінде адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстарды ашу 2,7%-ға, өзге адамның мүлкін ұрлау 30,7%-ға, бұзақылық 19,1%-ға артқан. 

Бұдан бөлек мегаполисте жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 18 мың заң бұзушылық анықталған. Сондай-ақ 244 қылмыстық топтың жолы кесілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу