Алматыда үздік әлеуметтік жобаларға байқау жарияланды

860

Алматыда үздік әлеуметтік жобаларға байқау жарияланды

Алматыда әлеуметтік жобалардың үздігі анықталып, жеңіп шыққандарға грант бөлінбек. Жаңа идеясын таныстыруға 160-қа жуық адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды almaty.tv.

Қоғамға пайдалы, әрі құны айтарлықтай қымбат емес жобалар арасында зағиптарға арналған интерактивті интернет-радио, аналарға арналған мобильді қосымша мен еліміздің тарихи ескерткіштерінің 3D үлгідегі мұражайын құру сынды қызықты жұмыстар бар. Жаңғыру, әлеуметтану, эволюция тақырыбына арналған жәрмеңкенің өтуіне Тұңғыш президент қоры ұйтқы болып отыр. Жеңіп шыққан 10 адамға 40 миллион теңгенің гранты берілмек.

"156 жоба келіп түсті. Ең қызығы - жобаға қатысушылардың ішінде үлкен кісілер де бар. Ең үлкені 67 жаста. Қазақтың ұлттық дәстүрі, заттарының жобасымен қатысып жатыр. Қазақтың дәстүрімен таныстыру үшін киіз үй құсап ағаш егіледі жерге. Кейін ол өскенде киіз үй болып шығады", - деді Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу