Алматыда үздік жасұландықтардың слеті өтіп жатыр

332

Алматы қаласы Оқушылар сарайының "Өрнек" лагерінде Республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қалалық филиалының сегіз ауданынан келген үздік өкілдерінің слеті өтуде.

Алматыда үздік жасұландықтардың слеті өтіп жатыр Фото: Астана қаласы әкімдігі

Балаларға арналған жазғы лагерь бұл бос уақытты ұйымдастырудың, сондай-ақ жаңа дағдыларды игерудің ең жақсы мүмкіндігі.  "Өрнек" лагерінде балалар арнайы мамандардың бақылауымен шеберлік сабақтарына қатысып, түрлі салада білім алуда. Сонымен қатар, оқу тек ойынға, қызықты тренингтерге және тақырыптық оқиғаларға негізделген. Балалар лагерь өміріне белсене қатысып, тек жағымды эмоциялар алып қана қоймай, сонымен бірге шынайы достар табады.

Лагерде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу үшін шеберлік сыныптары, ойын байқаулары, музыкалық бағдарламалар, шығармашылық кештер және т.б. өткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу