Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктеріне екі адамға жолдама ойнатпақ. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнәр Көкебаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біздің "Вакцина ал да – сыйлық ал" атты акциямыз қарқынды жүргізілуде. Вакцинаның бірінші компонентін алыңыз және бас жүлдені жеңу мүмкіндігіне ие болыңыз. Ол БАӘ-де екі адамға арналған демалыс пакеті. Сертификат ыңғайлы болу үшін жолға шыққан күнен бастап есептеледі. Жеңімпаз 11 шілде күні тікелей эфирде анықталады", – деді аудан әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу