Алматыда вейптерді заңсыз сатқандар сотталды

178

Электронды темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі аяқтады.

 Алматыда вейптерді заңсыз сатқандар сотталды Фото: elements.envato.com

Алматының екі тұрғыны бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме сатуды жүзеге асырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын.

Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылды, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне - 1 жыл мерзімімен бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу