Алматыда велошерудің жабылу маусымы өтеді

931

Бұл шара қазақстандық спорт журналисі Галина Полеваяға арналады.

Алматыда велошерудің жабылу маусымы өтеді

Қазанның 21-і күні "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында велошерудің жабылу маусымы өтеді. Бұл шара қазақстандық спорт журналисі Галина Полеваяға арналады, деп  хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Танымал қазақстандық спорт журналисті Галина Полевая 20 жыл бойы "Хабар" телеарнасында тілші болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Галинаның денсаулығы нашарлап, ол онкологиялық аурумен күресіп жатыр. Оның емделуіне кез келген велошеру қатысушысы қаржылай көмектесуге мүмкіндігі бар.

Ал қала тұрғындары мен қонақтары таңертең сағат 09:00-де "Нұрлы Тау" бизнес орталығы маңында жиналады. Олар 09:30-да велошеруді бастап Әл-Фабари даңғылы бойымен жүріп 7,5 км қашықтықты бағындырады. Қатысушылар Тұңғыш Президенті саябағында велошеруді аяқтайды.

Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен 10 велосипедтер ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған жоба аясында өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу