Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жоспарда:
– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамды орнатуды аяқтау;
– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
– 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;
– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру;
– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мың метрден аса жол қоршауын орнату;
– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана, – 65 веложолақтар, велосипед бағдаршамдарын толық жабдықтау.