Алматыда венчурлық қор құрылады

Жобаны жүзеге асыру үшін жеке қаражат тартылмақ.  

Алматыда венчурлық қор құрылады Фото: akorda.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде айтты.

Президент Қазақстандағы креативті индустрияда 19 мыңнан астам компания жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздегі барлық IT-компаниялардың 40%-дан астамы осында орналасқан.

"Мегаполис "цифрлық көшпенділер" үшін тартымды орталыққа айналуда. Азаматтардың шығармашылық бастамаларын жүзеге асыру үшін жақын арада қалада осындай хабтар мен кластерлер іске қосылады. Мен әкімдіктің бастапқы капиталдандыруы 10 млрд теңге болатын қалалық венчурлық қор құру идеясын қолдаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін жеке қаражат тарту маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу