Алматыда дәстүрлі алтыншы инновациялық форум өтуде. Онда әлемдік сарапшылар жаңа технологияларды іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылауда. Барлық технологиялар қаланы дамытуға, экожүйені қалыптастыруға, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, Смарт-Сити технологияларын кеңірек қолданысқа енгізуді көзделген. Ал әкімшілік тарапынан 200 жаңа жобаны қолдауға 2 млрд теңге бөлінген. Форумға қазақстандық мамандардан бөлек Ұлыбритания, АҚШ, Дания секілді елдердің 500 тарта өкілі келіп, тәжірибесімен бөлісті. Ал Қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзінше, Алматы тек қаржы қаласы емес, салауатты өмір салтының озық үлгісі болуы керек.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
"Біздің басты мақсатымыз бизнес үрдістердің базалар қорымен байланысын күшейту. Осы ретте біз бұл мәселені шешудің 7 нақты бағытын анықтадық. Олар жайлылық, мобильділік, экологиялық тазалық, қауіпсіздік, қызмет сапасын арттыру. Бұлар мемлекеттік мекемелер мен жеке секторда да жүзеге асырылу керек. Алматы көліктер емес, адамдар қаласы болу керек.
Айта кетсек, инновациялық форумға қатысуға 400 жоба өтініш берген. Арнайы мамандар олардың тең жартысын, яғни 200 таңдап алып отыр. Шара барысында бұл инновациялық стартап жобалардың мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Олардың барлығы да мегополисте жайлы, мобильді, экологиялық таза, қауіпсіз қызмет сапасын көтеруге бағытталған."