Алматыда ВИЧ жұқтырған еңбек мигранттары тегін емделеді

817

Бұл бастама ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық қор грантының арқасында жүзеге асып отыр.

Алматыда ВИЧ жұқтырған еңбек мигранттары тегін емделеді

Алматыда АИТВ инфекциясын жұқтырған 27 еңбек мигранты дәрігерлердің қарауында, деп хабарлайды Almaty.tv.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында шетелдіктерді тегін емдеу өткен жылдың қазан айынан басталған. Бұл бастама ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық қор грантының арқасында жүзеге асып отыр. Яғни, шетелдік азаматтар, соның ішінде, біздің елімізде тұруға рұқсат алмаған еңбек мигранттары антиретровирустық препараттарды тегін ала алады.

"Науқастар бізде диспансерлік тіркеуде тұрады. Иммуновирусологиялық анализдерін тапсырады, антиретровирустық препараттарын тексереді. Және науқастардың қабылдап жатқан дәрілерінің тиімділігін тексереміз. Шетел азаматтарын және жүкті әйел болған жағдайда, іштегі нәрестені аурудан сақтау ондай жүкті әйелдер әрдайым дәрігерлер назарында болады", – деді Алматы қаласы "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКК инфекционист дәрігері Әйкерім Ахметова.    

Мегаполисте ЖИТС-пен тіркелетін жағдайлардың төрттен бірі – алыс-жақын шетелдер мен Қазақстанның басқа қалаларынан келген азаматтардың үлесінде. Ал бүгінде тегін емделіп жатқан 27 мигранттың 15-і Ресей, 8-і Өзбекстан азаматы екен.  

"Еңбек мигранттарынан ВИЧ инфекциясы анықталған соң, азаматтардың көбі өз еліне қайтады. Ал Қазақстанда бұрыннан тұрып жатқан мигрант болса, біздің орталықта тегін ем ала алады. Науқастардың дені еңбекке жарамды яғни, 20 мен 50 жас аралығындағылар", – деді Алматы қаласы "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКК емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Малика Абдумананова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу