Алматыда вирустық инфекция жұқтырғандардың саны артты

487

Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді. 

Алматыда вирустық инфекция жұқтырғандардың саны артты Фото: freepik

Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған тұрғындар саны көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, мегаполисте ЖРВИ сырқаттанушылық бойынша маусымдық көтерілу байқалады.

"Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші — 997,2%. Осы жылдың қарашасынан бері А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық", — дейді Әсел Қалықова. 

Айтуынша, қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу