Оңтүстік астана тұңғыш рет 2023 жылғы 24 маусымда атап өтілетін 13-ші Дүниежүзілік Витилиго күнінің халықаралық штаб-пәтері болып таңдалды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, дүние жүзінде 100 миллионға жуық адам витилигодан зардап шегеді.
"WVD науқаны шеңберінде 2023 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер, зерттеушілер мен пациенттердің қатысуымен "Витилиго: болашаққа көзқарас" атты халықаралық конференция "Almaty Resort" санаторийінде өтеді. WVD науқанының мақсаты - пациенттерге алалаушылықты жеңуге, витилигомен емдеудің заманауи әдістеріне қол жеткізуге және толыққанды өмір сүруге көмектесу", - делінген ақпаратта.
ДСМ биылғы маусым айын "Витилиго туралы хабардар болу айы" деп жарияламақ.