Алматыда Ялян базарының артындағы қоймадан шыққан өрт сөндірілді

Тілсіз жау 1500 шаршы метрді шарпыған.  

Алматыда Ялян базарының артындағы қоймадан шыққан өрт сөндірілді Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жалын 69 минутта оқшауланып, сағат 12:43-те сөндірілді.

"Өрт сөндірушілер жол кептелісіне  қарамастан 8 минутта жетті, үлкен қойма қатты жанып жатқан. Олар дереу жалынды сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Оқиға болған жерден өтіп бара жатқан адамдар, куәгерлер кедергі келтіріп, Полиция қызметкерлері учаскені қоршады. Жергілікті жедел штаб құрылды", – деп хабарлайды ТЖД.

Жану ошағын анықтауға тепловизорлар тартылған, қойманың бетон конструкцияларының құлап кету қаупі бар.

"Сондықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде. Күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр шарпыған алаңында  оқшауланды. Қабылданған жедел іс-шаралардың арқасында өрт іргелес және көршілес контейнерлерге, қоймаларға таралмады", – деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу