Алматыда заманауи өрт сөндipy бөлiмi ашылды

996

Наурызбай ауданында жаңа депо ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда заманауи өрт сөндipy бөлiмi ашылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, заманауи өрт сөндipy бөлiмi 1,5 жылда салынған. Ол оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрт сөндipy  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өрт сөндipy бөлiмiнің ашылуына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, 
Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков, Алматы қаласының ТЖД басшылары  мен азаматтық қорғау саласының ардагерлерi қатысты.

"Өрт сөндipy бөлiмi 6 шығуға есептелген, ғимараттың жалпы ауданы – 3,2 мың шаршы метр. Депо биік ғимаратқа шығуға мүмкіндік беретін арнайы техникалармен жабдықталады. Сондай-ақ гарнизон қызметкерлерiне жатақхана қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Наурызбай ауданы 2014 жылы құрылған. Оның құрамына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тасты бұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алтын Алаш, Қалқаман-1,2,3 ықшам аудандары кіреді. Бүгінде ауданда 159 мың 115 адам тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу