Алматыда заңды тұлғаларға 39 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

761

Тексеру кезінде олардың карантин таптарын сақтамағаны анықталған.

Алматыда заңды тұлғаларға 39 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Алматыда карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде, барлығы 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 126-сы – заңды тұлға. Бұл туралы қалалық ПД өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Сонымен, рейдтер кезінде 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі, 7 караоке клубы анықталды, олардың иелеріне СЭС қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес 230 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерімен 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу