Алматыда заңсыз электронды казино ұйымдастырған тұлға 4 жылға сотталды

698

ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қала аумағындағы электрондық казиноны ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алматыда заңсыз электронды казино ұйымдастырған тұлға 4 жылға сотталды

Тергеу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотталған 1993 жылы туған азамат В. Зайцев заңсыз түрде "X.O. CLUB" (электрондық казино) атты ойын мекемесін ашып, 25 млн теңгеден астам кіріс алғаны анықталды,

Үй-жайды тексеру кезінде департамент қызметкерлері тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшаларымен бірге 46 бірлік компьютерлік техниканы, атап айтқанда ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындарын тәркіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу