Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр

33

Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.  

Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Аталған іс нысанды сүру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған болатын. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу