Алматыда сауықтыру орталығы ретінде жұмыс істеген 16 боди массаж салоны жабылды

250

Жыл басынан бері жүргізілген рейдтер барысында интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталды. Олардың үшеуі – шетел азаматтары. 

Алматыда сауықтыру орталығы ретінде жұмыс істеген 16 боди массаж салоны жабылды Фото: Probody

Алматы қаласында сауықтыру орталығы ретінде жұмыс істеген 16 массаж салонының заңсыз әрекеттері әшкереленіп, олардың қызметі тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сот шешімімен шетелдіктер Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Қалған әйелдерге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, заңсыз қызметке жол берген 16 нысанның иелері жауапқа тартылды",  деді Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты бөлім бастығы Батуржан Абдумасаров.

Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу