ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалалық прокуратурасымен бірлесе Алматы қаласындағы заңсыз ойын залдарын анықтау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Жыл басынан бері Департамент қызметкерлерімен 48 заңсыз ойын залдары анықталды (оның 8-і ойын залдары, 1-еуі астыртын ойынхана), көлеңкелі айналымнан 100 ойын терминалы және 216 компьютер тәркіленді. Жалпы 28 қылмыстық іс қозғалды.
ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңының 6-бабы 2- тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында электронды және интернет ойынхананың жұмысына тыйым салынған.
Алайда ағымдағы жылдың 25 мамырында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында заңға қайшы қызмет етіп келген электронды ойынхананың жұмысы анықталды. Іс-шара барысында электронды ойынхананың ішінен 50 дана компьютер және көлеңкелі айналымнан 210 000 теңгеден асатын ақша тәркіленді.
Аталған айғақ бойынша ҚР ҚК 307- бабы 3- бөлігі 2- тармағына сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.