Алматыда заңсыз салынған кезекті нысан бұзылды

147

Нысанды бұзу жұмыстары меншік иесі тарапынан жүзеге асырылады.

Алматыда заңсыз салынған кезекті нысан бұзылды Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде жазғы терраса сот шешімімен бұзылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Медеу ауданында рұқсатсыз салынған нысан туралы белгілі болған. Қажымұқан көшесі, 37 мекенжайында орналасқан құрылысқа жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған. 

Кейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сот қарауына жолданды.

– 2025 жылы 12 тамызда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз жазғы алаңды бұзу туралы талап-арызды толық қанағаттандырды. Сот шешімін орындау мақсатында нысанды бұзу жұмыстары меншік иесі тарапынан жүзеге асырылды, – деп хабарлады әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу