Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты ғимаратты бұзу туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қала тұрғындарының шағымдары негізінде қала құрылысын бақылау басқармасы нысанға тексеру жүргізді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бұзушылықтар анықталды, хаттамалар толтырылды", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Нәтижесінде, сот қаулысымен қаланың қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызы қанағаттандырылды.
"Алматы қалалық соты құрылысты бұзу туралы шешім қабылдады. Ғимаратты бұзу 1 шілдеде сот орындаушыларының қатысуымен басталды", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Құралай Құдайберген