Шұғыла шағын ауданында, Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй кешенінің айналасындағы сот ісі былтырғы жаздан бері жалғасып келеді.
"Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысына сай, Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды", – деп жазылған қала әкімдігінің хабарламасында.
Азаматтардың өтініштері бойынша сот талқылауларына дейін қала құрылысын бақылау басқармасы тексеру жүргізді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бірқатар бұзушылықтарды анықтады, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс сотқа жіберілді, алайда 2021 жылдың 9 желтоқсанында сот талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бірақ апелляциялық шағымды қарағаннан кейін талап қанағаттандырылды.