Алматыда заңсыз сатылған жерге қатысты сот отырысы тағы шегерілді

928

Сот отырысы 6 қаңтарға шегерілді.  

Алматыда заңсыз сатылған жерге қатысты сот отырысы тағы шегерілді

Алматы әуежайының маңындағы заңсыз сатылған жерге қатысты сот отырысы тағы кейінге қалды, деп хабарлайды Аtameken Business. 

Бұған дейін еліміздің Сыбайлас-жемқорлықпен күрес қызметі әуежай маңындағы 191 жер телімі заңсыз сатылған деген ақпарат таратқан болатын. Хабарламада айтылғандай, Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің бастамасымен құрылған қылмыстық топ мемлекеттік қордағы жер телімдерін заңсыз жолмен иемденіп, сатылымға шығарған. Осы іске қатысты 6 адам айыпталуда. Оның арасында жер сатқан риелтор мен сол уақытта қызметте болған бірнеше шенеунік бар. Талғар аудандық сотына қатысушылардың барлығы түгел қатыспағандықтан, сот отырысы 6 қаңтарға шегерілді.  

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу