Алматыда заңсыз жұмыс істеген 4 онлайн казино мен 1 ойын залы жабылды

264

Спикер Экономикалық тергеу департаментінің басым міндеттерінің бірі заңсыз ойын бизнесімен күрес екенін атап өтті.

Алматыда заңсыз жұмыс істеген 4 онлайн казино мен 1 ойын залы жабылды Фото: canva.com

Алматыда заңсыз ойын бизнесі бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасы басшысы Сәкен Қондыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдарын Алматы облысында (Қапшағай) және Ақмола облысында (Щучье ауданы) орналастыруға болады. Басқа жерлерде ашу заңсыз деп танылады, – деді Сәкен Қондыбаев.

Оның айтуынша, заңсыз жұмыс істеген төрт онлайн казино мен бір ойын залы жабылды.

Былтыр заңсыз құмар ойын ұйымдастыру ісі бойынша 14 факті анықталды. Ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – дейді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу