Алматыда заңсыз жұмыс істеген африкалықтар ұсталды

183

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылатын болады.

Алматыда заңсыз жұмыс істеген африкалықтар ұсталды Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда Африка елдерінен келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір азамат анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шетелдіктер жеке құрылыс алаңында, мейрамхана мен көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеген. Олар полиция департементінің қабылдап-тарату орнына жеткізілді.

"Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылатын болады. Осы күндері Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған "Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз жұмыс істеген 22 шетелдік елден шығарылғанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматыда шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 65 қазақстандыққа айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу