Алматыда заңсыз жұмыс істеген жүзден аса шетелдік анықталды

1147

Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Алматыда заңсыз жұмыс істеген жүзден аса шетелдік анықталды

Алматыдағы Наурызбай аудандық Полиция басқармасының көші-қон бөлімінің қызметкерлері "Келімсек" жедел-алдын-алу іс-шарасы аясында жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз тұрып жатқан Тәжікстан Республикасының 12 азаматын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, шетелдіктер Қазақстан Республикасына қыркүйек айында ШҚО Ақтоғай елді мекенінде электр стансасы құрылысына келген және сәйкесінше, ішкі істер органына тіркелместен Республика аумағында белгіленген мерзімнен ұзақ болған.

 "Тексеру барысында Тәжікстанның 6 азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары болмады, олардың жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Тағы 6 адам ҚР ӘҚбК-нің 517 бабы 4 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Келімсектер тұрған тұрғын үйдің иесі ҚР ҚК-нің 493 бабы және 518 баптың 2 бөлімі бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 519 бабы 1 бөлімінің талаптарын бұзған жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

Шаһардың Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз тұрып жатқан Тәжікстанның 10 азаматы анықталды. Олардың екеуінің құжаттары жоқ болып шықты. Ал 6 шетелдікке қатысты ҚР ӘҚбК-нің 517 бабы 5 бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Содан кейін материалдар әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

Барлық анықталған көші-қон заңнамасын бұзу фактілері бойынша шаралар қолданылды. Іс-шара жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу