Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген африкалықтар елден шығарылды

205

Барлығы 40 шетелдік ұсталды, оның көпшілігінде жеке басын растайтын құжаттары жоқ. 

Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген африкалықтар елден шығарылды Фото: Polisia.kz

Алматы қаласы көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, Африка елдерінің азаматтары қаланың түрлі нысандарында заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаланың орталық бөлігінде жергілікті рейд жүргізілді. Барлығы 40 шетелдік ұсталды, оның көпшілігінде жеке басын растайтын құжаттары жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар — көршілес мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ Африка құрлығындағы елдердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша олар қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Оларға қатысты Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналады", — деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу