Алматыда заңсыз жүрген 29 Африка азаматы ұсталды

Олардың 9-ы сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды.  

Алматыда заңсыз жүрген 29 Африка азаматы ұсталды Фото: Алматы ПД

Оларды полиция қызметкерлері 2-8 қазан аралығында жүргізілген "Нелегал" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

"Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Осылайша, профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Африка құрлығының 29 азаматы ұсталып, жауапкершілікке тартылды, олардың 9-ы сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды, тағы үшеуі жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Аталған шетелдіктердің Қазақстаннан дер кезінде кетпей, заңсыз тұрып жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта қабылдаушы адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында анықтау жұмыстары жүргізілуде", - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу