Алматыда заңсыз жүрген 30 шетелдік елден қуылды

608

Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Алматыда заңсыз жүрген 30 шетелдік елден қуылды

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азамат. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Полиция департаментінің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ ол Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу