Қаланың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл шетел азаматтары Қазақстанда заңсыз жүрген.
"Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан мен Тәжікстанның 18 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қаланың ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен мемлекетімізден шығарылды. Аталған елдердің Қазақстан Республикасындағы консулдық қызметінің күшімен азаматтар Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін рейс автобусымен жеткізілді. Оларға дипломаттармен елге оралу туралы куәлік берілді", – дейді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Полицияның мәліметіне сәйкес, тәжірибе көрсеткендей, заңсыз жүрген келімсектер көбіне қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналады немесе оларды өздері жасайды.
Айта кетейік, Алматыда "Мигрант" іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау мақсатында өткізіліп жатыр.