Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, марқұм таксимен кеткен, ал таңертең оның мәйіті Қызыл қайрат ауылындағы ескі зауыттың жанынан табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облысының Полиция департаменті марқұмның 56 жаста екенін, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын-ала дерек бойынша зорлық-зомбылық іздері жоқ", - деді ведомство.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу