Алматыда зейнеткерді аялдамада ұрып-соққан ер адам 1 жылға сотталды

346

Сот мәліметінше, ер адам әйелді басынан және денесінің жоғарғы бөлігінен жұдырығымен және аяғымен бірнеше рет ұрған.  

Алматыда зейнеткерді аялдамада ұрып-соққан ер адам 1 жылға сотталды Фото: Видеодан скриншот

Оқиға сәуір айында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айыпталушы аялдама маңында адам қалмаған сәтті күтіп, 66 жастағы әйелге артынан келіп шабуыл жасаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Күдікті сол жерде ұсталды.

Сот ер адамды бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақыты да жаза мерзіміне есептеледі. Сотталушы 23 сәуірден бері қамауда отырған.

Сот жәбірленушінің азаматтық талабын да қанағаттандырды. Ер адам зейнеткерге 534 мың 348 теңге материалдық шығын, 500 мың теңге моральдық өтемақы және өкіл қызметіне жұмсалған 500 мың теңгені төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар одан Жәбірленушілерге өтемақы қорына 43 мың 250 теңге, мемлекеттік баж ретінде 7 мың 506 теңге және процестік шығын ретінде 333 теңге өндірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу