Алматыда автобус аялдамаларының бірінде зейнеткер әйелді ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
23 сәуір күні болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан жас жігіттің аялдамада тұрған егде жастағы әйелді еш себепсіз ұра бастағанын байқауға болады. Әйел адам жерге құлағаннан кейін де, ол оны аяусыз тепкілеген.
Полицияның хабарлауынша, 26 жастағы ер адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу қамауға алу туралы ордер сұрады, ал прокуратура мен сот оны қолдады.
Айта кету керек, бұған дейін Алматыда жас жігіт аялдамада тұрған 66 жастағы әйелді аяусыз ұрып-соққанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу