Алматыда зейнеткердің үйін тонаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды

110

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда зейнеткердің үйін тонаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды Фото: видео скриншот

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы ер адам түнгі уақытта егде жастағы әйелдің үйіне кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ақшасын тартып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті бейнекамералар арқылы қысқа мерзімде анықталып, ұсталған.

"Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу