Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

692

Күдікті бұған дейін де сотты болған.

Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

26 жастағы К. есімді азаматша қарт адамның сеніміне кіріп, оның деректерін пайдаланып, онлайн 900 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бір қызығы, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу