Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

176

Наурызбай ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері негізінде қалалық мобильділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.  

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

№76 бағыты "Алма Сити-5"ТК" – Алатау даңғылы – Төле би көшесі – Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы – Кудерин көшесі – Солтүстік айналым– "Сәлем" базарына қатынайды. "Әділет Авто" ЖШС қызмет көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бағытта 2023 жылы шыққан ISUZU маркалы 14 автобус жүреді. Мұндағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды.

Айта кету керек, Алматы әкімдігі ағымдағы жылы қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарлауда. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жылды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу