Алматыда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы талқыланды.
Жаңа 22 мектеп 37 100 оқушы орнымен қамтамасыз етеді – олардың құрылысы қаланың әртүрлі ауданында жоспарланған. Әкімдік қаланы білім беру мекемелерімен қамтамасыз етудің 3 тетігін пайдаланады: мемлекеттік тапсырыс, жер телімі иелері салған мектепті дайын болғанда сатып алу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы құрылыс.
Мемлекеттік бюджет есебінен 23 100 оқушыға арналған 13 мектеп және тағы 8 мектеп (12 мың орындық) салынады, Алматы әкімдігі меншік иелерінен дайын мектепті сатып алады.
“Алғабас” шағын ауданында 2000 оқушыға арналған мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтереді.
Жобаны іске асыруға "Samruk-Kazyna Construction" АҚ жауапты. Қазіргі уақытта мемлекеттік қордың балансындағы 10 жер учаскені қала әкімдігі тапсырысты орындаушыға берді. Екі учаске қолданыстағы ескі мектеп ғимараттарын (№97 және №154 лицей) бұзғаннан кейін беріледі. Алматы әкімі бұзу рәсімін 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысындағы тағы 1 учаскені сатып алу құны бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізілуде.Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев мектептердің құрылысын сапалы жүргізу және уақытылы пайдалануға беру жөніндегі басқармалардың жұмысын жеделдетуді тапсырды.