Алматыда "Жайсан" тұрғын үй кешені сүріледі

710

Нысан заңсыз салынған.

Алматыда "Жайсан" тұрғын үй кешені сүріледі

Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", – деп хабарлады қала әкімдігі. 

Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу