Алматыда жақындарын жерлеп жатқандардың саны 2 есеге артты

877

Бұл туралы осы қызметпен айналысып жатқан арнайы діни мекеме қызметкерлері мәлімдеді.   

Алматыда жақындарын жерлеп жатқандардың саны 2 есеге артты

Алматыда бір күнде шығарылып жатқан жаназа саны 2 есеге дейін артты, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Әлеуметтік желілерде де бұған дәлел ретінде бірқатар видеолар тарап жатыр.

Айта кету керек, алматылықтар жақындарын жерлеу үшін Кеңсай, Батыс және тағы шағын 26 бейітке барады. Карантинге дейін орта есеппен күніне қайтыс болған 25-27 адамның денесі жер қойнына тапсырылса, қазіргі таңда ең кемі өкінішке қарай  30 адам жерленіп жатыр. Шағын зираттарда жерді қазу үшін арнайы мекемелер 54-56 мың теңге алады. Ал үлкен бейіт болып саналатын Кеңсай және Бағанашылда бұл сомма 86 мың теңге төңірегінде.

Қазіргі таңда жерді қазатын арнайы жұмысшыларда жетіспей жатыр екен. Тіпті тракторменде қазамыз дейді жауаптылар. Естеріңізде болса бұған дейін алматылықтар жерді қазып беретін мекемелердің, жасаған қызметтері үшін алатын ақыларын 2 есеге дейін көтеріп жібергені туралы бірнеше жерде айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу