Алматыда жалдамалы пәтерге сұраныспен қатар ұсыныс та жоғары

1188

Алматыда жалдамалы пәтерге сұраныспен қатар ұсыныс та жоғары

Уақытша тіркеу туралы заң жалдамалы тұрғын үй нарығындағы баға саясатына айтарлықтай әсер етпейді. Қазақстан риэлторлары қауымдастығының өкілдері осындай болжам жасады, деп жазады 24Хабар.

Мысалы еліміздегі ең ірі мегаполис Алматыда жалдамалы пәтерге деген сұраныс та, ұсыныс та жоғары. Бірақ ұзақ не қысқа мерзімге берілетін қолжетімді бағада баспана табу қиын. Риэлторлық агенттіктің зерттеуінше қазіргі кезде қалада 1 айға жалға берілетін бір бөлмелі пәтер бағасы 60 мың теңгеден басталады.

"Нарықты зерттеп, сауалнама жүргіздік. Өткен жылы үй сатушы компаниялар мен алуышылар жиі хабарласты. Менің ойымша үй алғысы келгендер қазірден әрекет ету керек. Өйткені қазір баға тұрақты", – дейді Қазақстан риэлторлары қауымдастығы төрағасының орынбасары Лариса Степаненко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу