Алматыда жалға алған мүлікті сатып жіберген күдікті ұсталды

924

Күдікті кінәсін мойындады.  

Алматыда жалға алған мүлікті сатып жіберген күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Оған ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің 2 алаяқтық қылмысын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"А. есімді азамат, кез келген техниканы жалға беру туралы хабарландыруларды іздеген. Осылайша, күдікті клиенттердің бірімен Sony PlayStation ойын приставкасын жалға алуға келіскен. Оны алғаннан кейін күдікті белгісіз бағытта жасырынып қалды. Тағы бір жағдайда, жоғарыда аталған ер адам Kia көлігін жалға алған. Көлікті “жалға алу” зардап шеккен тарапқа 6 млн теңгеге түсті", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Күдіктінің қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу