Алматыда жалға берілетін электрлі самокаттардың 35 станциясы ашылады

965

Алматыда "OZIM SCOOTERS" өздігінен жүретін электрлі құралдарды жалға беру орны ашылмақ.

Алматыда жалға берілетін электрлі самокаттардың 35 станциясы ашылады

Алматыда электрлі самокаттарды жалға беретін қалалық сервис ашылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыда "OZIM SCOOTERS" өздігінен жүретін электрлі құралдарды жалға беру орнын ашпақ. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жеке инвесторлар қолға алған еліміздегі алғашқы ерекше жобаның жұмыс принциптерімен танысты.

Шілде айының өзінде антиванадалды қорғаныспен және GPS трекерімен жабдықталған 300 электрлі самокаты бар 35 станцияны ашу жоспарланған. Сервиске мобильді қосымша арқылы қосылуға және мониторинг арқылы станциядағы бос тұрған самокаттар жөнінде мәлімет алуға, карта бойынша жеке бағытты белгілеуге болады.

Алматылық жас стартаперлердің пікірінше, электрлі өздігінен жүретін құрал қала бойынша қозғалыста танымал, жайлы әрі экологияға зиянсыз.

"Әлемдік практика жалға алынған электрлі самокатпен жүрудің ұзақтығы 5-7 минутты құрайтынын көрсетті. Кейде оны метро немесе автобус бекетіне барғанша пайдаланады. Біздің "Android" және "IOS" қосымшаларымыз арқылы жалға алу төлемін банк картасы арқылы жүргізуге болады. "ОҢАЙ" картасы арқылы төлеу жоспарланған. Жыл аяғына дейін тағы 500 самокат алатын боламыз", – деді компания директоры Асылбек Есенов.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде қалада 100 км байланысы бар веложолдар салынған. Велопрокаттың "AlmatyBike" автоматты жүйесі енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу