Алматыда жалға берілетін үйге өтемақы алу үшін құжат жинау басталды

977

Алматыда полиция қызметкерлері жалға берілетін тұрғын үйге өтемақы алу үшін құжат жинауды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Алматыда жалға берілетін үйге өтемақы алу үшін құжат жинау басталды

Қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Әбдуәли Нашарбековтің айтуынша, биыл 23 тамыздан бастап ескі есеп бойынша тұрғын үйді жалға алуға берілетін төлем тоқтатылған.

"Жалдау ақысын алу үшін бекітілген тізім бойынша құжат жинау ұйымдастырылды. Ол полиция департаментінің тұрғын үй комиссиясына беріледі. Осыған дейін полиция реформасы аясында жалға берілетін тұрғын үйге өтемақы енгізілген еді. ІІМ-нің мәліметінше, қазір тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақыны тек жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері ғана емес, учаскелік полиция, ювеналды полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері де алады", - деді Әбдуәли Нашарбеков.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізімі кеңейтілген.

Бүгінде ол кезекші бөлімдер, конвой қызметінің батальоны, уақытша ұстау изоляторы, қабылдап-тарату бөлімі және арнайы ұстау изоляторының қызметкерлері жалға берілетін үйге өтемақы алуға мүмкіндігі барын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу