Алматыда жалған ақша шығарумен айналысқан цех әшкереленді деп хабарлады Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметі өкілі Жақсылық Мырзахан Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оның мәліметінше, 12 қаңтарда Іле ауданында жедел іздеу шараларын жүргізу барысында мекеме қызметкерлері 1 миллион 200 мың жалған ақша өткізбек болған 32 жастағы әйелді ұстады.
Алматы қаласындағы баспахананы тергеу барысында компьютерлер, принтерлер және номиналы 1 мың, 2 мың және 10 мың теңге жалған ақшалай қаражатты шығаратын арнайы қағаз табылып, алынды. Алынған соманың жалпы көлемі 2,5 миллион теңге. Бұл факті бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу