Алматыда жалған ақша жасағандарға үкім кесілді

718

Топ мүшелерінің Ұлттық банктің жалған банкноталарын дайындайтын астыртын цех ұйымдастырғаны толық дәлелденген.

Алматыда жалған ақша жасағандарға үкім кесілді

Алматы облысы аумағында номиналы 10 мың теңгелік жалған банкноталарды жасап, сондай-ақ оны пайдаланумен айналысқан екі адамнан құралған қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Топ мүшелерінің Ұлттық банктің жалған банкноталарын дайындайтын астыртын цех ұйымдастырғаны толық дәлелденген.

"Жалған ақша қаражатын дайындайтын цех ретінде жабдықталған пәтерді тінту барысында ноутбук, түрлі-түсті принтер, сутаңбасы бар арнайы қағаз, бояу флакондары, екі жағында 10000 теңгелік суреттері (бланкілері) бар сандық файлдар, банкнот пен ою-өрнектің орнын алмастыратын фольгадан жасалған ленталар, кеңсе тауарлары және сомасы 220 000 теңгені құрайтын жалған қағаз ақша тәркіленіп алынды",– деп жазылған Қаржы мониторингі таратқан ақпаратта.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 231 бабының 2-б. сәйкес (жалған
ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) кінәлі деп
танылып, астыртын цех ұйымдастырушылардың біріне 5 жыл, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу